Матч орталығы
Серия А Футбол Фиорентина Фиорентина 1:1 Аяқталды Наполи Наполи Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:0 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Селтик Селтик 0:1 Аяқталды Рейнджерс Рейнджерс Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 1:0 Аяқталды Малага Малага Эредивизи Футбол Твенте Твенте 3:2 Аяқталды ПСВ ПСВ Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 3:4 Аяқталды Болтон Болтон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 0:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 0:1 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 5:3 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Лига 1 Футбол Осер Осер 2:1 Аяқталды Брест Брест Серия А Футбол Фрозиноне Фрозиноне 2:0 Аяқталды Комо Комо Серия А Футбол Парма Парма 2:1 Аяқталды Дженоа Дженоа Бундеслига Футбол Байер Байер 2:0 Аяқталды Лейпциг Лейпциг Суперлига Футбол Фенербахче Фенербахче 8:0 Аяқталды Эюпспор Эюпспор Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 2:1 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Лига 1 Футбол Ницца Ницца 2:1 Аяқталды Лилль Лилль Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 1:1 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Бундеслига Футбол Шальке Шальке 0:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Серия А Футбол Ювентус Ювентус 2:0 Аяқталды Аталанта Аталанта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 0:1 80 Бетис Бетис

12.08.2025

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтеді

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

Шымкент қаласында 16-30 тамыз күндері нысана көздеуден және стенд атудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, он алтыншы мәрте жалауын көтеретін құрлықтық додада Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады.

Жарыс барысында жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында жүлделер сарапқа салынады. Спортшылар екі апта бойы тапанша, винтовка, жылжымалы нысана көздеу, стенд ату сайыстары бойынша өзара бақ сынайды. 

Азия біріншілігінде 700-ден астам медаль сарапқа салынады. Нысана көздеу бағдарламасында спортшылар пневматикалық тапанша (10 м), тапанша (25 және 50 м), винтовка (10 және 50 м), сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуден жекелей және командалық сындарда сайысқа түседі. Ал стенд атуда трап, скит, скит-микс, трап-микс, дубль, жекелей және командалық бәсекелер өтеді.

Айта кетерлігі, мергендер додасына Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Азия нысана көздеу қауымдастығының (ASC) президенті шейх Салман әл-Сабах, Араб елдері және Кувейттің нысана көздеу федерациясының президенті Дуайч Алотайби, ISSF бас хатшысы Александр Никотра Сент-Джеймс қатысады.



Біздің серіктес: Sport12kz