21 сағат бұрын
Каратэ спортынан Аустриядағы жарыста Еркінбек Байтөреев қола жүлдегер атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Аустрияның Зальцбург қаласында каратэ спорты бойынша А сериясындағы жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлдені кумите бағдарламасында 67 кг дейінгі салмақта Еркінбек Байтөреев салды. Ол 3-орын үшін жекпе-жекте Кипр спортшысы Лоизидес Панайотисті жеңді.
Ұлттық құрама спортшысы топтық кезеңде мына каратэшілерді ұтты – Джед Томпсон (Англия), Руфини Самуэле (Италия), Диего Нунес Рибейро (Португалия), Александр Гуиран (Франция).
Сосын ширек финалда Дзюда Доминиктен (Польша) басым түсіп, жартылай финалда Гусейн Мамедлиге (Әзірбайжан) 7-8 есебімен жол берді. Айта кетейік, Еркінбек биыл көктемде Ақтау қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған.
Зальцбургте бүгін соңғы жарыс күні өтеді. Ұлттық құрама сапында ката және кумите бағдарламасында барлығы 18 спортшы аттанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
