08.09.2025
Бүгін футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының жиырма бірінші туры өтеді
Фото: Kffleague.kz
Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жиырма бірінші туры өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.
Ойын кестесі:
«Астана» - «Жеңіс» (Астана)
«Қызылжар» (Петропавл) - «Атырау»
«Қайрат» (Алматы) - «Томирис-Тұран» (Түркістан)
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе»
«Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай)
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Жетісу» (Талдықорған.
Бұл турда 6 қыркүйекте өткен ойында шымкенттік БИІК Қызылорданың «Қайсар» командасынан 5:0 есебімен басым түсті.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.
Еске салсақ, футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турында «Ақтөбе» командасы қарсылас қақпасына гол соғу жөнінен өзінің рекордын жаңартты.
Біздің серіктес: Sport12kz