6 сағат бұрын
Шорт-тректен қазақстандық спортшыдан допинг табылды

Фото: Sports.kz
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) шорт-трек бойынша жарыстарда ойын көрсететін қазақстандық спортшы Еркебұлан Шамухановты алдағы жарыстардан шеттетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Допинг сынамасының оң болуына байланысты ол төрт жыл бойы жарысқа қатыса алмайды. Бұл шектеу 2024 жылғы 27 қазан мен 2028 жылғы 26 қазан аралығында болады. Аталған қазақстандық спортшыға кезеңде барлық жарыста өнер көрсетуге тыйым салынады.
Осылайша, Шамуханов Миландағы 2026 Олимпиада ойындарында өнер көрсете алмайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
