3 күн бұрын
Керлингтен Қазақстан құрамасы АҚШ-та екінші орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамаларыы кёрлингтен барлық құрлық чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
АҚШ-тың Миннесота штатында өткен керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионатта (Pan Continental Championships) ерлер және әйелдер құрамалары В дивизионында бақ сынады.
Ерлер құрамасында Абылайхан Жүзбай (скип), Әділ Жұмағожа, Айдос Алиар, Дмитрий Гарагул, Ибрагим Тастемір ел намысын қорғады. Олар топтық кезеңде 9 жеңіс және 1 жеңіліс тіркеп, бірінші орынға ие болды. Ал 1/2 финалда Гайанадан 10:7 есебімен басым түссе, финалдық тартысты ойында Гонконгтан 9:10 есебімен есе жіберді.
Ал еліміздің әйелдер құрамасында Ангелина Эбауер (Скип), Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Пеняева, Кристина Рахманова жарыс жолына шықты. Олар топтық кезеңде 4 жеңіс, 2 жеңіліс тіркеп, 2-орынға ие болды.
Жартылай финалда Пуэрто-Риконы 11:4 есебімен ұтқанымен, финалда Филиппинге 2:11 есебімен жол берді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас