3 күн бұрын

Ауыр атлетикадан Снежана Кашкарова жасөспірімдердің Азия ойындарында жүлдеге жетпей қалды

Ауыр атлетикадан Снежана Кашкарова жасөспірімдердің Азия ойындарында жүлдеге жетпей қалды

сали сабиров

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Снежана Кашкарова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін бақ сынады.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Кашкарова 161 (70+81) келіні еңсеріп, бесінші орынды иеленді.

Алтын медальді Қытай спортшысы Лань Синьи жеңіп алды - 170 (77+93) келі.

Күміс жүлде Солтүстік Корея өкілі Джу Ген Кимге бұйырды - 168 (76+92) келі.

Қола жүлдені Филиппин спортшысы Александра Диас иеленді - 162 (70+92) келі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас