3 күн бұрын

Ауыр атлетикадан Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдердің Азия ойындарында жүлде алды

Ауыр атлетикадан Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдердің Азия ойындарында жүлде алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті - 152 келі.

Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен жарыс жеңімпазы атанды. Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын жаңартып, Азия ойындарының жаңа көрсеткішін тіркеді.

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды - 155 келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас