2 күн бұрын
Казахстан регбишілері Азия кубогін жеңіп, элиталық дивизионға өтті
Оманның Маскат қаласында өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар барлық кездесуде жеңіске жетіп, жарыстың абсолютті чемпионы атанды.
Группалық кезеңде қазақстандықтар өз қарсыластарынан басым түсті:
- Қазақстан — Қырғызстан: 44:0
- Қазақстан — Сауд Арабиясы: 27:0
- Қазақстан — Катар: 34:7
Плей-офф кезеңінде де ұлттық құраманың қарқыны бәсеңдеген жоқ:
- Жартылай финал: Қазақстан — Ауғанстан: 41:0
- Финал: Қазақстан — Үндістан: 27:0
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алып, Asia Rugby Sevens Series турнирінің элиталық дивизионына жолдама алды.
Айта кетерлігі, біздің команда бүкіл турнир бойы небәрі 7 ұпай ғана жіберіп алған — бұл қорғаныстағы сенімді ойынның айғағы.
Қазақстан регбишілері Азия спорт аренасында жаңа биіктікті бағындырды!
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас