2 күн бұрын

Дамир Шуленов әлем чемпионатын аяқтады

Дамир Шуленов әлем чемпионатын аяқтады

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Дамир Шуленов таэквондодан әлем чемпионатында ширек финалдан шет қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол 1/8 финалда Таиланд спортшысы, әлем чемпионатының үш дүркін финалисі, әлем рейтингінің көшбасшысы Банлунг Табтимдангпен кездесті. Жекпе-жек 3 раундқа созылды. Алғашқы раундта отандасымыз басым болды. Екінші раунд қарсылас есесіне шешілді. Ал шешуші раундта Дамир жойқын соққылар жасағанымен 9:10 есебі тіркелді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының өкілі Дамир Шуленов өзінің бірінші Әлем чемпионатын ширек финалға жетер жерден аяқтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас