2 күн бұрын

Әлішер Абаев отандасының орнына тәжік файтерімен кездеседі

Әлішер Абаев отандасының орнына тәжік файтерімен кездеседі

Фото: Prosports.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әлішер Абаев (1-1) 29 қазанда Астанада өтетін OCTAGON 80 мерейтойлық турнирі аясында қарсыласымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз бұл жекпе-жекті тағы бір қазақстандық спортшы Дамир Рахымжановтың орнына өткізеді. Ол тәжік файтері Шодмон Назакатовтың (2-2) қарсыласымен шеберлік байқасуы тиіс болатын. Дегенмен ол турнирге қатыса алмайтыны анықталды. 

Әлішер Абаев қазірге дейін OCTAGON Selection іріктеу турнирлерінде екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Нәтижесінде бір мәрте жеңіске жетіп үлгерді. 

Сондай-ақ ертең өтетін турнир барысында орта салмақтағы титул иегері, қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (19-6) пен әзірбайжандық Хамзат Чапанов (15-5), қырғызстандық жеңіл салмақтағы чемпион Руслан Қасымалы уулу (10-0) қазақстандық Нұржігіт Байменге (8-0-1) қарсы сайысқа түседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас