2 күн бұрын

Ауыр атлетикадан Нұрсыйла Берікбол жасөспірімдердің Азия ойындарында қола медаль алды

Ауыр атлетикадан Нұрсыйла Берікбол жасөспірімдердің Азия ойындарында қола медаль алды

Cали Сабиров

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде төртінші нәтиже көрсетсе, серпе көтеруде үшінші орынға ие болды.

Нұрсыйла үздік мүмкіндігінде 101 келіні бағындырды.

Бұл сында Өзбекстан өкілі Марджона Абдумуталова 111 келіні көтеріп, жеңімпаз атанды. Ал екінші орын Қытай спортшысы Чжан Синьиге бұйырды - 110 келі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас