1 күн бұрын
Алматы ипподромы сүріле ме - мәжіліс депутаты жауап берді
Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышбай өз парақшасында Алматы қаласында 100 жылдан астам ғұмыры бар ипподромның орнына тұрғын-үй салынады деп жазған еді. Осы орайда ҚР Парламенті Мәжіліс палатасының депутаты Данияр Қасқарауов мәселе бойынша жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
- Иә, кеше бірқатар атбегілер, қоғам белсенділері дабыл қағып, бізге хабарласты. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды дейді ғой. Қазір бізде сондай әдет бар екендігі жасырын емес. Бұған дейін Алматы қаласындағы интернат жайлы да айтылып еді. Жалпы білім ошақтары, тарихи орындардың орнына тұрғын-үй салу және басқа мақсаттарды орындауға жол беруге болмайды. 1930 жылы салынған ипподромға қаншама уақыт өтті. Бұл жерде тек бәйге ғана көріп қана қоймай, қала тұрғындары бір мезгіл атқа мініп, бос уақытын өткізуіне мүмкіндік алады, - деді Данияр Қасқарауов.
Айта кетейік, бұл мәселе кейінгі жылдары қайта-қайта көтеріліп жүр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов