Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

01.11.2025

Әнуарбек-мотиватор 15 тәулікке қамауға алынды

Әнуарбек-мотиватор 15 тәулікке қамауға алынды

Фото: dzen.ru


Тиктоктың қазақстандық сегментінде Әнуарбек-мотиватор ретінде танымал болған аралас жекпе-жек спортшысы Әнуарбек Бекембетов 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Әлеуметтік желі бақылау кезінде полиция реалити жобаға және әуесқой жекпе-жекке қатысқан ер адамның күшті және батыл бейнесін көрді. Оның тарапынан агрессия, физикалық қысым жасалғаны нақтыланып, балағат сөздер айтқанын анықтады. Құқық бұзушы жедел анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталғаннан кейін ол роликтің сахналық қойылым екенін мәлімдеді. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материал қозғалды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды,-деп хабарланды министрліктен.

Полиция агрессия, дөрекілік және жалған күш — бұл қалыпты жағдай емес екенін атап өтті.

- Әсіресе спортшылар тарапынан мұндай жағдайға жол берілмейді. олар өз тәртібімен жастар арасында дұрыс үлгі қалыптастыруы тиіс. Мұндай қойылым шоуы агрессия және қорлаумен қоғамдық тәртіпті бұзады. Жасөспірімдер мен жастардың құндылығын бұрмалайды. ІІМ интернеттегі агрессия, қатыгездік және әдепсіз мінез-құлық арқылы танымал болу әрекетін қатаң түрде тоқтатуды жалғастырады. Барлық осындай фактілер заң аясында анықталып, қаралатын болады, - деп атап өтті министрліктен.





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас