Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

7 күн бұрын

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындарына 100-ден астам спортшысын апарады

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындарына 100-ден астам спортшысын апарады

2025 жылдың 7–21 қарашасы аралығында Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA), сондай-ақ Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттерінің бастамасымен VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл додада 57 елден шамамен 3000 спортшы бақсынап, 25 спорт түрі бойынша (оның ішінде екіпараспорт және екі көрсетілімдік бағыт) жүлделерді сарапқа салады.

Әр жылдары бұл байрақты бәсекеге Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017) және Конья (2021) қалалары бастамашыл болды. Ал 2009 жылы Тегеранда өтуі тиіс жарыс белгілі себептерге байланысты ұйымдастырылмады.

Бұл жарыста Қазақстанның намысын 100-ден астамспортшы қорғайды. Ұлттық құраманың сапында Олимпиада ойындарының қатысушылары, әлем чемпиондары және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері бар.

Ислам ынтымақтастығы ойындарының тарихында қазақстандық спортшылар жалпы 134 медаль еншілеген: 42 алтын, 36 күміс және 56 қола.

Ойын бағдарламасына аймақтың олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері енген. Атап айтқанда: футзал, волейбол, бокс, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, ауыр атлетика, муай-тай, киберспорт, гандбол, дуатлон, таеквондо, жеңіл атлетика және параатлетика, 3×3 баскетбол, семсерлесу, биіктікке және үш қарғып секіру, түйе жарысы, күрес, джиу-джитсу, пара пауэрлифтинг, ат спорты, каратэ, ушу, сондай-ақ қойылымдық спорт түрлері – пенчак силат пен кураш бар.

Жарыстар Эр-Рияд қаласындағы төрт негізгі спорт нысанында өтеді:

• Prince Faisal bin Fahad Sports City

• Boulevard Riyadh City

• Olympic Complex Green Hall

• Al Janadriyah Field

Бұған қоса, негізгі ареналардың маңында уақытша инфрақұрылымдық аймақтар да пайдаланылады.

Спорттық жарыстардың кестесі:

4–6 қараша: футзал, волейбол, бокс, дзюдо, қойылымдық спорт түрлері

8–13 қараша: жүзу, үстел теннисі, ауыр атлетика, каратэ, гандбол

12–20 қараша: жеңіл атлетика, ат спорты, ушу, таеквондо, 3×3 баскетбол, семсерлесу

18–21 қараша: түйе жарысы, күрес, пара пауэрлифтинг, ойын түрлері бойынша финалдар

Аңдатпа! Кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Көптеген қатысушы елдер үшін бұл ойындар 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі болмақ. Ал жас спортшылар үшін — халықаралық аренадағы алғашқы дебюті болып саналады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас