6 күн бұрын
Атырауда халықаралық деңгейдегі спорт нысандары салынады
Атырау облысында Атырау облысында халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге арналған спорттық жобалар жүзеге асады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларына сәйкес орындалып отыр. Нәтижесінде Атырау облысында халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ірі спорттық жобалар іске асырылмақ. Олардың қатарында ұлттық ат спорты кешені (ипподром), 12 мың орындық EURO-IV санатындағы футбол стадионы, көпбейінді «Atyrau Arena» спорт кешені бар.
Қазіргі уақытта осы нысандар бойынша жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өту кезеңі жүріп жатыр. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас