Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

Елорда шорт-тректен алғаш рет жасөспірімдердің Әлем кубогы кезеңін қабылдады

Елорда шорт-тректен алғаш рет жасөспірімдердің Әлем кубогы кезеңін қабылдады

7 қарашада Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Мұндай деңгейдегі жарыс Қазақстанда алғаш рет өтуде.

Бұл сериялық турнирлер жақында ғана өткізіле бастады. Алғашқы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы 2023 жылы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді.

Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді.

Бірінші кезең 7-9 қараша аралығында, ал екінші кезең 13–15 қараша күндері елордамыздағы «Алау» мұз сарайында ұйымдастырылады.

Бірінші кезеңге әлемнің 22 елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Аустралия, Канада, Қытай, Франция, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Германия, Индонезия, Гонконг, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Италия, Жаңа Зеландия, Польша, Швейцария, Тайбэй және Нидерланд спортшылары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының толық тізімі төмендегідей:

- Полина Омельчук

- Анастасия Галечина

- Райана Манарбекова

- Нұрия Алпысбай

- Гүлдана Жалмұхан

- Асылхан Қасымбек

- Мадияр Мадихов

- Павел Цой

- Богдан Вехов

- Тамирлан Жолдас

Айта кетсек, Астанадағы жарыста 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында (ұлдар мен қыздар арасында), сондай-ақ ерлер, әйелдер және аралас командалық эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас