3 күн бұрын
Софья Самоделкина Жапониядағы жарыста 2-орында келе жатыр
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Бүгін Жапонияның Осака қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі (NHK Trophy-2025) басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина 67.75 ұпай жинап, әзірге 2-орынға тұрақтады. Алғашқы жаттығудан кейін 3 дүркін әлем чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола (жекелей) және күміс (командалық) жүлдегері Каори Сакамото (Жапония) көш бастады.
Ертең Астана уақытымен сағат 16:20-да еркін бағдарламадан кейін жүлдегерлер белгілі болады. Гран-при турнирінде 1-орын алған спортшы 15, 2-орынға 13, 3-орынға 11 балл беріледі. Бұл ұпайлар кейін 6 жарыстан кейін Гранд финалға жолдама алған үздіктерді анықтауға көмектеседі.
Жапониядағы турнирге 17 мемлекеттен 60 спортшы жиналды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас