Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Шорт-тректен Астанадағы Әлем кубогында алғашқы жүлде түсті

Шорт-тректен Астанадағы Әлем кубогында алғашқы жүлде түсті

2025 жылғы 7–9 қараша және 13–15 қараша күндері елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогының (ISU Junior World Cup Short Track Astana 2025/26) бірінші және екінші кезеңдері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарысқа Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, Нидерланд, Польша және шорт-трек бойынша әлемдік элитаға кіретін тағы басқа елдерді қоса алғанда, 24 мемлекеттен 140-тан астам қатысушы жиналды.

Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлделерді Богдан Вехов пен Полина Омельчук салды.

Богдан Вехов 1500 метр қашықтықта алтын медаль иеленсе,

Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас