Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Жүлдеге жетпеген бір қадам: нысана көздеуден әлем чемпионаты қалай өтіп жатыр?

Жүлдеге жетпеген бір қадам: нысана көздеуден әлем чемпионаты қалай өтіп жатыр?

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

Бастапқы екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша, отандастарымыз жүлде тұғырына шықпады.

Әйтсе де ерлер арасындағы сында 50 метрге тапаншамен нысана көздеуден Валерий Рахымжан 4-орыннан көрінді. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен атудан аралас жұптық сайыстың финалына шыға алмады.

Жарыстың екінші күнінде ең жоғары көрсеткішті 25 метр қашықтықтан жылдам атылатын тапанша бәсекесінде Кирилл Цуканов (15-орын) тіркеді.

Ольга Довгун жетекшілік ететін 15 мергеніміз 16 қарашаға дейін күнделікті түрлі сайыстарда жүлдеге таласады.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Бакуде (Әзербайжан) өткен жаһандық додада құрамамыз 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді жеңіп алып еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас