Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Ольга Довгун: Әлем чемпионатында жүлде алуды көздейміз

Ольга Довгун: Әлем чемпионатында жүлде алуды көздейміз

Нысана көздеуден Египет астанасы Каирде 54-ші әлем чемпионаты басталды. Нысана көздеуден Египет астанасы Каирде 54-ші әлем чемпионаты басталды. Осы орайда Sport12.kz тілшісі 2018 жылдан бері ұлттық құраманы баптап келе жатқан 2 дүркін әлем чемпионы Ольга Довгунның пікір алуды жөн көрді.

Қателеспесек, сіз ұлттық құрамаға келгелі бері 3-ші әлем чемпионатыңызға келіп жатырсыз. Алдағы додаға қандай жоспарыңыз бар?

  • Мысыр астанасы Каирде 54-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жаһандық додада 73 елден 700-ден астам құралайды көзге атқан мергендер қатысып жатыр. Қазақстаннан 15 спортшыны қостық. Олардың арасында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Ислам Сәтпаев, Александра Ле бар. 2022 жылы бірінші әлем чемпионатым Каирге тұспа-тұс келіп еді. Сол сәтте жүлдесіз қайтқанбыз. Енді кеткен есенің орнын толтырсақ дейміз. Әрине, кемі бір жүлде алу жоспарымызда бар.

7-16 қараша аралығында жалғасатын әлем чемпионатының екі күні өтті. Сіз үшін қалай болды?

  • Бірінші жарыс күнінде 50 метр қашықтықтан тапаншамен ату сайысында Валерий Рахымжан 4-орынға тұрақтап, жүлдеге бір қадам ғана жетпей қалды. Ислам Сәтпаев пен Александра Ле де екі бағдарламада өнер көрсетті. Әзірше көрсеткіш ойдан шықпады. Дайындығымыһ өте жақсы еді. Бірақ спортшыларымыз психологиялық жағынан жанып кетті ғой деймін. Әзірше нақты себебін білмедім. Алайда нысана көздеуде қателіктің кешірілмейтіндігін ескерген жөн. Бір ғана қателіктің салдарынан 10 сатыға құлдырап кетуің ықтимал. Кеше Александа Ленің қаруынан мәселе туындап, қалыпқа келтірдік. Қарудың сыр беруінен финалға шыға алмадық. Енді әлі талай сайыстар бар. Барлығын көре жатармыз.

2023 жылы Баку төрінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алып, тарихымыздағы ең үздік көрсеткіштеріміздің бірін тіркеген едіңіздер. Бірақ биылғы жаһандық доданың айырмашылығы бар секілді ғой?

  • Иә, 2023 жылы Әзербайжанда 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынып, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова 10 метрден жылжымалы нысана көздеуден алтын медальді иеленген еді. Бірақ биыл әлем чемпионатында 28 жүлде жиынтығы ғана үлестіріледі. Ал 10 метрден жылжымалы нысана көздеу сайысы биылғы додаға кіргізілмеді. Әлем чемпионатындағы негізгі бәсеке 2026 жылы Қатарда болады. Өйткені ол жерде Лос-Анджелес Олимпиадасына лицензиялық ұпай үлестіріледі.

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас