Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

2026 жылы жүзуден Астанада әлем кубогы өтеді

2026 жылы жүзуден Астанада әлем кубогы өтеді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

2026 жылы 15-17 қазан аралығында Астана қаласында («Барыс арена» бассейні) жүзуден әлем кубогының шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық су спорты түрлері федерациясы Азия құрлығындағы бұл серияны «Жібек жолы» туры деп атады. Әуелі алғашқы аялдама Әзірбайжан астанасы Баку болады (1-3 қазан күндері). Осыдан кейінгі кезеңді 8-10 қазан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте жалғасады. Ал тур еліміздің бас қаласы Астанада мәресіне жетіп, одан кейін әлемнің үздік жүзгіштері Бейжіңде (Қытай) өтетін 25 м бассейнде жүзуден XVIII әлем чемпионатына бет алады (1-6 желтоқсан).

Айта кетейік, бұл Астанада су спорты түрлерінен өтетін 4-ші халықаралық турнир болмақ. Осыған дейін 2010 жылдары елорда су добынан жарыстар ұйымдастырған.

Азиядағы әлем кубогының 3 кезеңіне бөлінген жүлде қоры - 1.2 миллион АҚШ доллары. Спортшылар мұнымен шектелмейді. Егер жарыс барысында әлем рекордын жаңартып жатса, әр жерістігі үшін тағы 10 мың АҚШ долларынан алады. Алдағы маусымда 50-ден астам елден 750 спортшы сынға түседі деп жоспарланған. Ал өткен маусымда Солтүстік Америка құрлығындағы әлем кубогы сериясында 12 әлем рекорды қайта жаңарып, жалпы жүлде қоры 1.57 миллион АҚШ долларынан асқан.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас