2 күн бұрын
Джиу-джитсудан Мансур Хабибулла Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мансур Хабибулла Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды Sport12.kz
62 келіде сынға түскен отандасымыз жарыс жолын 1/8 финалда бастап, қырғызстандық Таалайбек Байышевты жеңді. 1/4 финалда Халед Алшехтен жеңілгенімен, жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Нәтижесінде жерлесіміз жұбаныш кезеңінде Мехран Саттар (Иран) және Мохаммед Аджаджадан (Палестина) басым болды. Қола жүлде үшін кездесуде Мансұр Алжир спортшысы Бессауд Абдемалектен мықтылығын дәлелдеді.
Айта кетейік, бүгін әлі бірнеше спортшымыз жүлдеге жорығын жалғастырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов