2 күн бұрын
Джиу-джитсудан Жігер Алматай Ислам ойындарының чемпионы атанды
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медальді иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz
77 келідегі отандасымыз жарыс жолын 1/8 финалда бастап, Наит-Каси Амирге (Алжир) еш мүмкіндік бермеді. 1/4 финалда Марван Даферді (Тунис) 27:0 есебімен ұтты. Жартылай финалда Амро Әл-Саммарайдан да (Ирактан) айласын асырды.
Шешуші жекпе-жекте отандасымыз Махди Алавлакиден (БАӘ) мықты болды. Есеп: 6:4.
Дәл қазіргі сәтте ел қоржынында 15 алтын медаль бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов