Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Ескек есуден отандастарымыз Азия чемпионатында жүлде алды

Ескек есуден отандастарымыз Азия чемпионатында жүлде алды

Бүгін Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алғашқы жарыс күні екі отандасымыз жүлде жеңіп алды. Байдаркамен 3400 метрге есуде Татьяна Токарницкая мәреге бірінші келіп, алтын алды. Уақыт көрсеткіші - 18 минут, 33.23 секунд.

Байдарка, жүлдегерлер: 

1. Татьяна Токарницкая (Қазақстан) 

2. Дин Ти Тран (Вьетнам) 

3. Эмири Ватанабе (Жапония) 

Ал каноэмен 3400 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Тимофей Емельянов күміс жүлдегер атанды. Уақыт көрсеткіші - 18 минут, 35.88 секунд. 

Каноэ, жүлдегерлер: 

1. Шадиёр Даминов (Тәжікстан) 

2. Тимофей Емельянов (Қазақстан) 

3. Амиржон Бабожонов (Тәжікстан) 

Енді ертең Татьяна Токарницкая байдаркамен 20 км, ал Тимофей Емельянов каноэмен 16 км қашықтыққа жарысқа қатысады. Ал 23 қарашада 500 метрге жарыс өтеді. 

Биылғы Гонконгтағы марафонға 13 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас