Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

21 сағат бұрын

Қазақстан шахматшы қыздары үздік төрттікке өтті

Қазақстан шахматшы қыздары үздік төрттікке өтті

Испанияның Линарес қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы командалық шахмат әлем чемпионатында жартылай финал жұптары анықталды. Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістанды тай-брейкте жеңіп, үздік төрттікке кірді.

Жартылай финалда Қазақстан Әзербайжан құрамасымен кездеседі. Бұған дейін әзербайжандық команда Грузияны жеңген болатын. Екінші жартылай финалда Ресей мен Қытай құрамалары өзара ойнайды.

Жартылай финал матчтары 22 қараша күні өтеді. Командалар екі партиядан тұратын матч ойнайды, онда фигуралардың түсі алмастырылады. Есеп тең аяқталған жағдайда жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталады.

Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты екі жылда бір рет ұйымдастырылады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас