20 сағат бұрын
Қазақстандық үштік Норвегияда финалға өте алмады
Норвегияның Лиллехаммер қаласында трамплиннен шаңғымен секіруден ерлер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің іріктеу сыны өтті. Бұл жарыста Қазақстан атынан Ілия Мизерных, Данил Васильев және Святослав Назаренко сынға түсті.
Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылардың ешқайсысы негізгі кезеңге өте алмады — оған өту үшін үздік 50 спортшының қатарына ену қажет болатын. Васильев 53-орынға, Мизерных 56-орынға, ал Назаренко 65-орынға тұрақтады.
Іріктеуде словениялық Домен Превц үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды. Австриялық Ян Хёрль екінші орынға, ал Германия өкілі Феликс Хоффман үшінші орынға ие болды.
Жарыстың медальдар сарапқа салынатын негізгі кезеңі 23 қараша күні өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас