22 сағат бұрын
Токиодағы Сурдлимпиялық ойындардың чемпиондарын Астанада қарсы алды
Астанада Токиода өткен XXV Сурдлимпиялық ойындарда жүлдегер атанған сурдо дзюдо шеберлері Амина Файзулина мен Сабыржан Хапизовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды.
Амина Файзулина жеке сында — алтын, командалық жарыста — күміс медаль иеленді. Сабыржан Хапизов суперауыр салмақта қола жүлде алып, командалық сайыста алтын медальға қол жеткізді.
Оларды құттықтауға Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит және жеке бапкер Болат Данияров келді.
Айта кетейік, Токиода өткен ойындарға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, Қазақстан атынан Астананың 5 спортшысы 4 спорт түрінде сынға түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас