16 сағат бұрын
Айжамол Абдикатова Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Айжамол Абдикатова Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айжамол Абдикатова (-57 кг) алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық Бермет Марсбекованы 2:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Ширек финалда Қытай спортшысы Джанг Хайанды дәл осындай есеппен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда отандасымыз ирандық спортшыға жол берді. Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Айжамол Отега Сальседомен тартысты жекпе-жек өткізіп, өз басымдығын дәлелдеп, жеңіске жетті.
Осылайша Айжамол Абдикатова Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас