3 сағат бұрын

Тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларының әлем чемпионатында отандастарымыз 30 медаль жеңіп алды

Тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларының әлем чемпионатында отандастарымыз 30 медаль жеңіп алды

Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Байрақты бәсекеде отандастарымыз 30 медаль (12 алтын, 11 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Әлем чемпионатының жабылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Алматы қаласы спорт басқармасы, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мен шетелдік делегация өкілдері қатысты.

Биылғы әлем біріншілігіне 21 мемлекеттен келген 180-ге жуық спортшы бақ сынады. Атап айтқанда, Румыния, Чехия, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдердің тоғызқұмалақ шеберлері қатысты.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас