2 сағат бұрын
Шахматтан командалық әлем чемпионатында аруларымыз жүлделі болды
18–23 қараша аралығында Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы командалық шахматтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Ресей, Әзербайжан және Қытайдан кейін төртінші орынға ие болды. Алайда жеке тақталар бойынша өткен жарыста қазақстандық шахматшылар медальдар жеңіп алды.
Алтын медальдарды Меруерт Камалиденова (2-ші тақта) мен Елназ Қалиахмет (6-шы тақта) иеленді.
Ұлттық команданың қоржынында тағы бір қола медаль бар. Оны Зарина Нұрғалиева (5-ші тақта) жеңіп алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов