2 сағат бұрын
Таеквондодан Олимпиаданың қатысушысы шетелдік турнирде жүлдесіз қалды
Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан Бангкокта (Таиланд) өткен Grand Prix Challenge сериясының ірі турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жарыста ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Самирхон Абабакиров көрсетті. Ол 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, оңтүстіккореялық Мун Хон Джинге жол берді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық таеквондошы испаниялық Висента Юнтадан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, осы салмақта Дамир Шуленов пен Аманбол Бегімбетов те сынға түсті. Алайда екеуі де жүлдесіз қалды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов