12.12.2024
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасына таласады
Бүгін шайбалы хоккейден әйелдер арасында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясында Пьештяни (Словакия) қаласында турнир басталады.
12-15 желтоқсан
Қазақстан
Словакия
Словения
Исландия
Бұл топтан тек 1 ғана жеңімпаз Олимпиаданың келесі іріктеу кезеңіне жолдама алады.
«Бүгін осы топтағы басты фаворит - Словакиямен күш сынасамыз. Жылдам әрі жақсы ойнайтын ұжым. Биыл 1 дивизионда жеңіске жетті. Одан кейін күш жағынан Словения және Исландия тұр. Оңай болмайды. Бірақ біз тас-түйін дайынмыз. Жеңіс үшін аянып қалмаймыз», - деді әйелдер құрамасының бас бапкері Александр Тебеньков.
Алғашқы ойын бүгін 22:00-де алаң иесі Словакияға қарсы өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас