14.12.2024
Усик немесе Фьюри Бивол алдағы реваншқа өз болжамын айтты
							Усик немесе Фьюри? Бивол алдағы реваншқа өз болжамын айтты
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы , ресейлік боксшы Дмитрий Бивол суперауыр салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBO белбеулерінің иегері Александр Усик пен британдық Тайсон Фьюридің алдағы реваншы туралы пікір білдірді.
“Олардың қарсыластығы маған ұнайды. Меніңше, Усик жеңіске жетеді. Бірақ Фьюриден де не күтуге болатынын ешқашан білмейсің. Бұл өте қызықты айқас болатыны сөзсіз”, – деп келтіреді Биволдың сөзін Boxing Social.
Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жекте украиндық боксшы британдықты төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, абсолютті әлем чемпионы атанған болатын. Реванш 22 желтоқсанға қараған түні Сауд Арабиясында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас