Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

22.02.2025

Суперкубок алдындағы дүрбелең: Кімнің бағы жанады?

Суперкубок алдындағы дүрбелең: Кімнің бағы жанады?

Бүгін 22 ақпан күні 15:00-де Астана қаласындағы Astana Arena стадионы Қазақстан Суперкубогы аясында «Қайрат» - «Ақтөбе» матчын қабылдайды. 

2023 жылдың желтоқсан айында жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған Astana Arena стадионы ресми түрде жанкүйерлерге қайта есігін ашады. Маусымның тұсаукесер ойынын көпшілік асыға күтуде. Оған дәлел, 30 000 адамды сыйдыра алатын Astana Arena стадионындағы матчқа билет түгелдей сатылып кетті.

Қос команда 2024 жылғы ел чемпионатында кездесіп, «Ақтөбе» клубы (2:1, 1:3) қос матчта да жеңіске жетті. Әсіресе 20 сәуір күні Алматының Орталық стадионындағы теке-тіреске рекордтық 22 804 жанкүйер жиналған еді.

«Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойындар бойынша мәліметтер:

-      «Қайрат» - Қазақстан Премьер-лигасының қазіргі чемпионы, ал «Ақтөбе» - Қазақстан Кубогының иегері;

-      Командалар өзара 76 ресми ойын өткізіп, «Қайрат» 34 мәрте жеңіске жетсе, «Ақтөбе» 31 рет жеңген. 11 ойында тең тарқасқан;

-      Қазақстан Суперкубогына «Ақтөбе» 4 мәрте таласып көрмек. Бұған дейін олар 2008, 2010, 2014 жылдары жеңімпаз атанып қоймай, қақпаларына мүлдем гол жібермеген.

-      «Қайрат» Суперкубокқа 7 рет таласса да, тек 2016 және 2017 жылдары ғана топ жарған.

-      Қос клуб Қазақстан Суперкубогында бірінші мәрте жолығады. Ал 2014 жылы Astana Arena стадионында командалар Қазақстан Кубогының финалында күш сынасып, алматылықтар 4:1 есебімен басым түскен.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан