22.02.2025
Гимнасшы Милад Карими әлем кубогының жүлдесін алуға жақын
Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды.
Спортшы еркін жаттығу бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.
Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов