22.02.2025
Әйелдер футболы: Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы ұпайын алды
Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының C дивизионының алғашқы турында Люксембург құрамасымен сырт алаңда кездесу өткізді.
Бірінші таймның қорытындысы бойынша, Анастасия Низамутдинова дубль авторы атанып, отандастарымызды екі доп айырмашылығымен алға шығарған еді.
Алайда екінші таймда Люксембург құрамасы жағдайды түзете алды. Марта Эстевес Гарсия пенальтиден бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартса, кейінірек Лаура Миллер есепті теңестірді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов