22.02.2025
Серікжан Мужиков «Жетісу» жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді
Футболдан Қазақстан құрамасы мен семейлік «Елімай» командасының жаңа ойыншысы Серікжан Мужиков талдықорғандық «Жетісу» жанкүйерлеріне жазба жариялады.
– Құрметті жанкүйерлер және жетісулықтар! Әрбір ойын, әрбір жаттығу, әрбір жетістік пен әрбір сынақ – менің жолымның бір бөлігі, және мен оны дәл осы жерде өткеніміне мақтанамын. Бұл жылдар маған баға жетпес тәжірибе, ұмытылмас эмоциялар және өзіме деген сенім сыйлады. Бұл клуб – менің бір бөлшегім және кім біледі, бір күні мен қайтадан осы алаңға өзімнің туған түстерімен шығатын шығармын. Барлығыңызға рақмет, – деді ол.
Серікжан Мужиков 1989 жылы Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келген.
Футболдағы алғашқы қадамын 2008 жылы «Жетісу» командасында бастаған. Одан кейін «Астана», «Қайсар», «Тобыл» клубтарында доп тепті. Былтыр талдықорғандық клубқа қайта қосылған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан