Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

22.02.2025

350 миллион еуро: Винисиус Жуниор осындай ақшаға бағаланды

350 миллион еуро: Винисиус Жуниор осындай ақшаға бағаланды

Сауд Арабиясының бір клубы «Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниорды өз қатарына қосу үшін рекордтық 350 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайындалуда. Бұл туралы Teamtalk хабарлады.

Егер бұл трансфер жүзеге асса, Винисиус әлемдегі ең қымбат ойыншылардың біріне айналады. Оған қоса футбол тарихындағы ең ірі келісімнің бірі ретінде тіркелмек.

Саудиялық клубтар соңғы жылдары жоғары деңгейдегі жұлдыздарды өз лигасына тартуға белсене кірісті. Қазірге дейін Криштиану Роналду, Неймар, Карим Бензема сияқты ойыншыларды қатарына қосты.

Алайда, «Реал Мадрид» бразилиялық шабуылшыны сатуға ниетті емес деген ақпарат бар. Винисиус – мадридтік клубтың негізгі ойыншысының бірі және команда оны ұзақ жылдарға өз қатарында қалдыруды жоспарлап отыр.

Бұл ұсынысқа Винисиустың өзі қалай қарайтыны және «Реалдың» ресми жауабы қандай болатыны әзірге белгісіз.


Райан ТҰРСЫНБЕК



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан