01.01.1970
Садақ атудан Ази кубогында үш күміс медаль алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Садақ атудан 2025 жылдың бірінші халықаралық жарысы саналатын Таиландтағы Азия кубогының кезеңі жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.
Компаунд. Әйелдер
1.Сеунгиеон Хан
2.Роксана Юнусова
3.Гиса Биборди
Роксана жарыс барысында 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Охты жарыс жолынан шығарды. Ал финалда Сеунгиеон Ханға 142:145 есебімен жол берді.
Компаунд. Аралас жұптық сайыс
1.Малайзия
2.Қазақстан (Андрей Тютюн мен Виктория Лян)
3.Оңтүстік Корея
Отандастарымыз жартылай финалда басты фаворит саналған Оңтүстік Кореядан (2019 жылғы әлем чемпионы (командалық) Жаевон Янг пен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (командалық) Иохюн Ох) басым түсті.
Компаунд. Әйелдер. Командалық жарыс
1.Оңтүстік Корея
2.Қазақстан (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова)
3.Үндістан
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан