23.02.2025
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасында тағы жекпе-жек өте ме?
Фото: sport-express.ru
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жек биылғы жылдың соңына дейін өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sport12kz ақпарат агенттігі.
- Үшінші жекпе-жек міндетті түрде керек. Біз алдын-ала бұл мәселені талқыладық. Жекпе-жекті 2025 жылдың соңына дейін жасауға тырысамыз, - деді промоутер Боб Арум.
Олардың арасындағы екінші жекпе-жек 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті. Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Төрешілердің басым көпшілігі (114-114, 116-112, 115-113) Дмитрий Биволдың жеңісіне қолдау білдірді.
Бұл - Бетербиевтің мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан