Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

23.02.2025

«Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы финалындағы қарсыласы анықталды

«Қайрат» командасының Чемпиондар лигасы финалындағы қарсыласы анықталды

Фото: ҚФФ

Алматылық «Қайрат» командасының футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды.

Төрттіктің финалы деп аталып кеткен жарыс сатысында ол жартылай финалда Испанияның «Картахена» командасымен шеберлік байқасады. Жеңген жағдайда «Пальма» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.  
Жартылай финал ойындары 2-ші мамыр өтеді. Ал финал 4 мамырға белгіленген.

Алматылық команда бұған дейін 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан