8 сағат бұрын
Шорт-трекші қыздарымыз әлем чемпионатының алтынына таласады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
3000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз мәре сызығын үшінші болып қиған еді.
Алайда Қытай құрамасы пенальтимен жазаланып, отандастарымыз екінші орынға табан тіреді.
Осылайша ел құрамасы А финалына берілетін жолдаманы жеңіп алды.
