8 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Шорт-трекші аруларымызға финалда сәттілік жетіспеді

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатын төртінші орында аяқтады.
А финалында сынға түскен спортшыларымыз мәре сызығын төртінші болып қиды.
Командалық бәсекеде ел намысын Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева және Ольга Тихонова қорғады.
Жарыс қорытындысында Канада құрамасы алтыннан алқа тақса, польшалық спортшылар күміспен күптелді. Ал үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.
