3 сағат бұрын
«Астана» велошабандозы Түркияда топ жарды

Фото: Luc Claessen/Stringer/Velо/Getty Images
Қазақстандық «XDS Astana Team» велокомандасының мүшесі Лев Гонов «Түркия туры» турнирінің үшінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандық клубтың намысын қорғаған ресейлік велошабандоз 175,9 шақырым қашықтықты алғаш болып 4 сағат 22 минут 44 секундта бағындырды.
Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды бельгиялық Ландер Локс (Unibet Tietema Rockets) иеленсе, үздік үштікті Нидерланд өкілі Тибор дель Гроссо (Alpecin — Deceuninck) түйіндеді.
Осылайша Гонов жалпы есепте екінші сатыға көтерілді. Алда әлі таулы аймақта өтетін кезеңдер бар.
