5 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Қазақстан таэквондо құрамасы екінші орыннан көрінді

Фото: Қазақстан таэквондо федерацтясы
Қазақстандық таэквондошылар 10-14 мамыр аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы (WT) әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаһандық додада отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған Хамзаальпер Ромашкин (61 келі) мен Сағынғали Жантөре (65 келіден жоғары) алтыннан алқа тақты. Күміс жүлдеге Аятжан Әмірханов (57 келі) ие болса, Алла Цой (47 келі) мен Аида Гожалимова (51 келі) қола медальға қол жеткізді.
Осылайша ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 87 елдің ішінде екінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, 2026 жылы таэквондодан Гран-при финалы Алматы қаласында өтеді.
