7 сағат бұрын
Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін, 16 мамыр Сингапурде көркем гимнастикадан Азия чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сары құрлық додасында барлығы 8 спортшымыз жүлдеге таласады.
Жекелей сында Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді.
Ал топтық бәсекеде ел намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды.
Айта кетейік, айтулы жарыс 18 мамырға дейін жалғасады.
