16.05.2025

Футболдан бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Футболдан бірінші лигада «Шахтер» екінші орынға көтерілді

Фото: shakhter.kz

Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 6-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған турдың екінші ойын күні, 16 наурызда қарағандылық «Шахтер» мен «Ақтөбе-2» кездесті.

Былтыр Премьер-лигадан түсіп қалған қарағандылық клуб биыл қайтадан үздіктер қатарынан көрінуге ұмтылады. Сондықтан әрбір ойында жеңіске жету жолын іздеп келеді. Десе де соңғы екі турда олар тең нәтижеге қанағат білдірді. Осыған байланысты қарағандылық футболшылар бүгінгі ойында алғашқы минуттан тізгінді өз қолында алуға тырысты. 

Осылайша олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ өскемендік «Алтай» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетіп, жағдайын жақсарта түсті. Бұл жолы алматылық «Қайрат-2» клубын 2:0 есебімен жеңді.

Ойындар нәтижесі

16 наурыз

«Алтай» (Өскемен) - «Қайрат-2» (Алматы) 2:0  

«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Хан тәңірі» (Алматы) 4:2 «Тараз» - «SD Family» (Алматы) 1:1

 «Шахтер» (Қарағанды) - «Ақтөбе-2» 3:1 

15 наурыз

«Каспий» (Ақтау) - «Түркістан» 4:0 

AKAS (Алматы) - «Екібастұз» 2:0 

«Жетісай» (Түркістан облысы) - «Ертіс» (Павлодар) 1:1.

Алдағы тур ойындары 22 және 23 мамыр күндері өткізіледі

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

Футбол 1 сағат бұрын

Заза Цицкишвили «Атырау» сапынан кететін болды

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Футбол 2 сағат бұрын

«Тұран» сапынан бірден алты ойыншы кетті

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Басқа 4 сағат бұрын

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында жеңімпаздар анықталды

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Футбол 4 сағат бұрын

Халықаралық Олимпиада комитетін енді Кирсти Ковентри басқарады

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокс 4 сағат бұрын

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды

Футбол 4 сағат бұрын

«Тұран» футбол клубы директорының міндетін атқарушы тағайындалды