2 күн бұрын
Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 11-орында) «Ролан Гаррос»–2025 турнирінің 1/8 финалында жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Рыбакина польшалық Ига Швёнтекке (5-орын) үш сет қорытындысы бойынша 6:1, 3:6, 5:7 есебімен жол берді.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнир барысында 265 000 еуро жүлде ақшасын иеленіп, 240 рейтингтік ұпай жинады.
Айта кетейік, Ига Швёнтек — «Ролан Гаррос» турнирінің қазіргі чемпионы.
Турнир барысында Рыбакина келесі қарсыластарын жеңген болатын:
- аргентиналық Хулия Риера (202-орын) — 6:1, 4:6, 6:4
- америкалық Ива Йович (129-орын) — 6:3, 6:3
- латвиялық Елена Остапенко (21-орын) — 6:2, 6:2
