5 сағат бұрын
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында жеңіліс тапты

Фото: Adam Pretty / Getty Images
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің финалында чемпион атана алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жұптық сында сербиялық Александра Круничпен бірге ойнаған Анна Данилина жарыстың шешуші кездесуінде италиялық теннисшілерден құралған Сара Эррани / Жасмин Паолини командасына 1:2 (4:6, 6:2, 1:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, отандасымыз турнирдің финалына дейін жеткені үшін 295 000 еуроға ие болды. Сондай-ақ Данилина дүйсенбі күні жаңартылған әлемдік рейтингте 9-орынға көтеріледі.
