5 күн бұрын
Елена Рыбакина — Ига Швентек: бүгін шешуші матч
Бүгін, 3 қарашада, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін WTA маусымының қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 6-орын) әлемнің №1 теннисшісі польшалық Ига Швентекке қарсы алаңға шығады.
Матчтың тікелей трансляциясы 19:00-де (Астана уақытымен) басталады.
Еске сала кетсек, Рыбакина турнирді америкалық Аманда Анисимованы (6:3, 6:1) жеңіспен бастаған болатын. Ал Ига Швентек алғашқы ойында тағы бір америкалық спортшы — Мэдисон Кизді (6:1, 6:2) жеңді.
Соңғы рет Рыбакина мен Швентек тамыз айында Цинциннатиде өткен турнирдің жартылай финалында кездескен еді. Ол матчта поляк спортшысы жеңіске жеткен (7:5, 6:3).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас